ҚР ҰЯО-да ИГР реакторының ЖБУ-отынын қайта орау үшін L-позиционер орнатылған
ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларын конверсиялау кезеңдерінің бірі ИГР реакторының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын қайта өңдеу болып табылады. Цилиндрлік контейнерлерден ЖБУ-отынды қайта орау жөніндегі жұмыстар шеңберінде радиациядан қорғайтын боксымен жабдықталған мамандандырылған учаске құрылады. Итальяндық Sideros Engineering компаниясы цилиндрлік контейнерлерден ЖБУ-отынын қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ету үшін радиациядан қорғайтын бокстың ішіне орнатуға арналған 1,25 тонналық L-позиционер жасады. 21-25 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК мамандары Sideros Engineering компаниясының және АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық зертханаларының өкілдерімен бірлесіп жабдықтарды монтаждауды және іске қосуды орындады. Жүргізілген жұмыстар шеңберінде L-позиционерді сынау және персоналды оны пайдалану ережелеріне оқыту жүзеге асырылды. Өткізілген іс-шаралар ИГР реакторының ЖБУ-отынын қауіпсіз қайта қаптау және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың кезекті практикалық кезеңі болды.
