Close

28.08.2026

Ядролық мұра мен бейбіт атом ғылымы туралы дөңгелек үстел және «Бейбітшілік аллеясын» салу

«Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін 35 жыл: ядролық сынақтардан бейбіт атом ғылымына» атты дөңгелек үстел аясында ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының директоры атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және қауіпсіздік мәселелерін талқылауға қатысты.

Іс-шараға ҚР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Мұқанов, Май ауданы әкімінің орынбасары Әділет Сыздықбаев, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау жолдады.

Дөңгелек үстелдің жалғасы ҚР ҰЯО аумағында «Бейбітшілік аллеясы» салынды. Отырғызылған ағаштар Қазақстанның ядролық сынақтар аумағынан ғылым, қауіпсіздік және бейбіт құрылым кеңістігіне дейінгі тарихи жолын білдіреді.