Close

13.11.2026

ҚР ҰЯО мен ҚХР Оңтүстік-Батыс физика институты термоядролық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2026 жылғы 10-13 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Қытайдың Оңтүстік-Батыс физика институты (Southwestern Institute of Physics (SWIP)) бас директорының орынбасары Фэн Юнцзин бастаған делегациясы келді.

Сапар ҚР ҰЯО РМК мен SWIP арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өтті және бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасын құруды қоса алғанда, одан әрі ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың практикалық қадамын іске асыруға бағытталған.

Басқарылатын термоядролық синтез саласындағы бірлескен зерттеулер, КТМ және HL-3 токамактарында эксперименттер жүргізу басты назарда.

Бағдарлама шеңберінде қытайлық мамандар ҚР ҰЯО РМК-ның эксперименттік базасына барды, ол КТМ қазақстандық материалтану токамагын, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенін, материалтану зертханаларын және кәсіпорынның басқа да ғылыми объектілерін қоса алғанда, бірлескен зерттеулер жүргізуге тартылатын болады.

ҚР ҰЯО РМК-ның бірегей эксперименттік инфрақұрылым және термоядролық синтез, реакторлық технологиялар, материалтану және ядролық қауіпсіздік саласында көп жылдық зерттеу тәжірибесі бар. SWIP өз кезегінде плазма физикасы, ірі термоядролық қондырғыларды құру және пайдалану, ғылыми-техникалық кадрлар даярлау саласында айтарлықтай құзыретке ие.

Екі ұйымның ғылыми әлеуеті мен тәжірибесін біріктіру бірлескен эксперименттер жүргізуге, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және мамандардың жаңа буынын даярлауға негіз болады.