Close

30.09.2026

ҚР ҰЯО КШЗР ХЗО отырысында ИГР реакторындағы стационарлық емес сынақтар тәжірибесін ұсынды

2026 жылғы 29 қыркүйекте Ташкентте КШЗР реакторы базасында Халықаралық зерттеулер орталығының Консультативтік кеңесінің үшінші отырысы өтті. Іс-шараға бірқатар елдердің ғылыми ұйымдары мен атом саласының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығынан «ҚР ҰЯО-ның есептік кодтарды валидациялау үшін ИГР реакторында стационарлық емес сынақтар жүргізудегі тәжірибесі және КШЗР ХЗО зерттеу бағдарламасына әлеуетті үлес» баяндамасы ұсынылды.

Баяндамада отын мен материалдарды өтпелі және апаттық режимде сынау үшін ИГР реакторын пайдалану нәтижелері мен перспективалары, соның ішінде БРЕСТ тақырыбы бойынша жұмыстар және EAGLE мен SAIGA халықаралық жобалары ұсынылған.

Нейтронды-физикалық және жылу физикалық есептеу модельдерін валидациялау үшін ИГР-дың эксперименттік деректерін пайдалануға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, ҚР ҰЯО-ның КШЗР ХЗО қатысушыларымен перспективалық отынды, материалдарды зерттеу және есептік кодтарды валидациялау саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.