Close

10.09.2026

EAGLE-4 эксперименттік бағдарламасы шеңберіндегі техникалық кездесу

2026 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Курчатов қаласында жаңа EAGLE-4 тәжірибелік бағдарламасы шеңберінде JAEA, MUS және ҚР ҰЯО мамандары арасында алғашқы техникалық кездесу өтті. EAGLE-4 жобасы ҚР ҰЯО қондырғыларында реакторішілік және реактордан тыс эксперименттер жүргізуді көздейтін төртінші буын JSFR реакторының конструкциясын негіздеу үшін көп жылдық зерттеулердің жалғасы болып табылады. Техникалық кездесудің негізгі күн тәртібі: жұмыстарды орындау жоспарларын талқылау, рактордан тыс және ракторішілік эксперименттерді дайындау мәртебесін қарау, эксперименттік құрылғыларға және оларды сынау режимдеріне қойылатын техникалық талаптарды талқылау, жылу-физикалық есептердің нәтижелерін ұсыну, жұмыстардың орындалуы туралы аралық есептің мазмұнын келісу болды.

Жұмыстардың тапсырыс берушілері және зерттеулердің кураторлары болып табылатын JAEA техникалық мамандарының командасын JAEA аға бас директорының орынбасары Юруги Канзаки мырза басқарды, делегацияның құрамына сондай-ақ MUS қызметкерлері кірді, олардың делдалдығымен тапсырыс беруші мен орындаушының өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.

Жалпы, кездесу жоғары техникалық деңгейде өтті, JAEA серіктестері қажетті мәселелер мен келісімшарттық міндеттемелер шеңберін тиімді талқылауға қатысты өздерінің оң бағаларын берді. Тараптар келісімшартты орындауға, эксперименттер жүргізудің күнтізбелік жоспарын орындаудың мерзімдері мен қатаң шарттарына байланысты проблемаларды түсінуді растады. Кездесу қорытындысы бойынша хаттама шығарылды, онда тараптар алдағы іс-қимылдар мен міндеттемелер туралы келісті. JAEA мен ҰЯО бірлескен командасының таяу уақыттағы негізгі міндеті тапсыруы 2026 жылғы қазанға белгіленген күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстардың орындалу барысы туралы аралық есепті дайындау болып табылады.