Close

19.08.2026

Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының жетекші ғылыми қызметкері Сураев Артур DalaNews-ке берген сұхбатында реактор қондырғыларының қауіпсіздігін бағалау үшін қолданылатын компьютерлік модельдеу әдістері туралы айтты.

Ұлттық ядролық орталықтың мамандары нейтрондық-физикалық, жылу-гидравликалық және беріктік процестерін модельдеу үшін заманауи бағдарламалық кешендерді пайдаланады. Эксперименттік зерттеулермен бірге алынған есептеулер реактор қондырғыларының қауіпсіздігін бағалаудың дәлдігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сұхбаттың толық нұсқасы: https://dalanews.kz/kz/article/atom-reaktorlarynyn-qauipsizdigi-qalai-tekseriledi-ulttyq-iadrolyq-ortalyq-okilimen-suxbat.html