Close

31.07.2026

МАГАТЭ алаңдарында өткен консультациялық кездесу

2026 жылғы 28-29 шілде аралығында Вена қаласында МАГАТЭ алаңдарында консультациялық кездесу өтті, оған ҚР ҰЯО-ның, ҚРАЭА Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің, АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық зертханаларының жұмыскерлері, сондай-ақ МАГАТЭ-ның кепілдіктер және зерттеу реакторлары департаменттерінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланды:

– ИГР реакторының ЖБУ отынын сұйылту учаскесін салу;

– ИГР реакторының ЖБУ отынын қайта қаптау учаскесін жобалау;

– ЖБУ-отынын қайта қаптау үшін қажет мамандандырылған жабдықтарды (L-позиционер, «ыстық камера») дайындау және жеткізу;

– ЯМ-ны есепке алу және бақылау, ЯМ-ны РАҚ-қа ауыстыру рәсімдері, есеп беру құжаттары.

Сондай-ақ ҚР ҰЯО РМК мамандары орындаған ИВГ.1М реакторының ЖБУ-отынын сұйылту және иммобилизациялау әдістерін алдын ала зерттеу жұмыстары ұсынылды. МАГАТЭ және Швеция мен ОАР зерттеу зертханаларының мамандары жүргізілген зерттеулерге жоғары оң баға берді, қойылған міндет үшін осы әдістерді қолдану мүмкіндігін растады және болашақ сұйылту қондырғысының жобасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін кейбір ұсынымдар жасалды.

Алдағы кезеңдерге жоспарлар белгіленіп, жобалардағы негізгі нүктелер анықталды.