Close

26.09.2026

2026 жылы 23–25 қыркүйекте Семей қаласында «Advancing Nuclear Security, Peaceful Uses of Nuclear Energy and Regional Cooperation» тақырыбында WINCA Annual Meeting — Semey Forum өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өкілдері де қатысты.  ҚР ҰЯО Бас директорының орынбасары С.А.Березин Ұлттық ядролық орталықтың қызметі туралы баяндама жасады, еліміздің атом энергетикасы мен ғылыми-техникалық әлеуетін одан әрі дамыту үшін білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында өткен эссе байқауының нәтижелерін атап өту өте қуанышты:
Оспанова Жанна, кіші ғылыми қызметкер – «Атом энергетикасы саласындағы кадрлық әлеует» атты эссемен 2 орын алды.  Қабдылқақов Е.А., ғылыми қызметкер – «Орталық Азияда ядролық энергетиканы дамыту» эссесімен 3 орын алды.
Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми және кәсіби қызметінде одан әрі табыстар тілейміз! Атом энергетикасын дамыту адамдардан, білімнен және мықты кадрлық әлеуеттен басталады.