Close

07.04.2026

МАГАТЭ-дегі консультациялық кездесу

30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Вена қаласында ҚР ҰЯО, АҚШ Энергетика министрлігі және МАГАТЭ өкілдерінің ИГР реакторының графит отынын өңдеу және осыған байланысты қауіпсіздік кепілдіктер мәселелері бойынша консультациялық кездесуі өтті, сондай-ақ ИВГ.1М реакторының отынын кәдеге жарату бойынша ағымдағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар талқыланды.

Кездесу барысында ағымдағы жұмыстардың, оның ішінде ИГР реакторының ЖБУ отынын қайта буып-түю үшін ыстық камера мен L-позиционер дайындау, ИГР реакторының ЖБУ отынын араластыру және иммобилизациялау учаскесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары, осы отынға қатысты кепілдіктер мен таратпау мәселелері, сондай-ақ отынды қайта өңдеу процесі кезінде ЯМ есепке алу жүйесі туралы егжей-тегжейлі талқыланды.