Close

13.11.2019

Training Course on Nuclear Plant Safety

2019 жылдың 25 қазанынан 30 қазанына дейінгі кезеңінде Цуруга (Жапония) қаласында атомдық станциялар қауіпсіздігіне арналған оқыту курсы өтті (Training Course on Nuclear Plant Safety). Оқыту ұйымдастырушысы Атом энергиясы жөніндегі Жапондық агенттігі болды (Japan Atomic Energy Agency).

Курс аясында атомдық станциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігін және құрылымдылық ерекшеліктерін басқаруға қатысты ядролық энергетика, нормативтік құжаттар, реакторлар физикасы, пайдаланудан шығару және т.б. бойынша тақырыптардың кең шеңбері ұсынылды. Курс қатысушылары өткен тәжірибе, ағымдағы жағдай және Жапонияда ядролық энергетиканың келешек жоспарлары туралы білді. Сондай-ақ қатысушылар үшін Фукуи префектурасында орналасқан атомдық электрстанцияларға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Курс қатысушылары Бангладеш, Индонезия, Қазақстан, Малайзия, Монголия, Тайланд, Туркия және Вьетнам өкілдері болды. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалынан оқыту курсына конструкциялық және отындық материалдарды сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Гречаник Алексей Дмитриевич қатысты.