Close

29.08.2019

Реакторлық ішілік экспериментті

«2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында атомдық энергетикасын дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасының аясында ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының реакторлық құрылғыларын әзірлеу және сынау бөлімінің қызметкерлерімен реакторлық ішілік экспериментке дайындық жүргізіледі, мақсаты, қалдық энергия шығару жағдайларында болу және жылу тасымалдағыштың шектелген санымен реактор астындағы қуысқа ауыстырылған активтік аймақтың материалдарының балқытпасын салқындату тиімділігін зерттеу болады.

Реакторлық ішілік экспериментті массасы шамамен 15 кг жылу тасымалдағышты (натрий) және массасы шамамен 5 кг жылу шығаратын жинақты құрайтын эксперименттік құрылғыны пайдаланумен ИГР зерттеу реакторлар кешенінде жүргізу жоспарланады.

Алынған эксперименттік деректері отынды балқытумен ауыр апаттарды дамыту процессінде реакторлардың қорғау корпустарын бұзу және қайталанатын сындылықтың пайда болу мүмкіндігін жоюға қатысты ішкі өзін өзі қорғау қасиеттері бар, жылдам нейтрондарда келешек ядролық реакторлардың активтік аймағының конструкциясын әзірлеу кезінде пайдаланылады.