ҚР ҰЯО мамандары Нидерландыда өткен RRFM халықаралық конференциясында ИГР реакторын конверсиялау бойынша жұмыстардың нәтижелерін ұсынды
2026 жылғы 20-24 сәуір аралығында Лейден қаласында (Нидерланды) ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы зерттеу реакторларында (Research Reactor Fuel Management – RRFM) отынды басқару жөніндегі Еуропалық ядролық қоғамның жыл сайынғы конференциясына қатысты. Анықтама: RRFM конференциясы 1997 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және бүгінгі күні зерттеу реакторларын пайдалану, отынмен жұмыс істеу және жоғары байытылған уранды пайдалануды азайту жөніндегі жобаларды іске асыру саласында тәжірибе алмасу үшін негізгі халықаралық алаң болады. Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшыларды, қондырғы операторларын және реттеуші органдардың өкілдерін біріктіреді.
Техникалық бағдарлама барысында «Атом энергиясы институты» филиалының мамандары ИГР зерттеу реакторын конверсиялау және жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған баяндамалар ұсынды. Ұсынылған деректер халықаралық сарапшылар қауымдастығының қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ, конференция алаңдарында Аргон ұлттық зертханасының (ANL) және АҚШ атом энергетикасы материалдарын басқару және азайту департаментінің (DOE/NNSA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында талқыланды:
- ҚР ҰЯО РМК төмен байытылған уран (ТБУ) отынын алу технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының ілгерілеуі.
- Конверсияның барлық кезеңіне жобаның жол картасын өзектендіру.
NNSA материалдарын басқару және минимизациялау өкілдері жұмыстың жоғары қарқынын және ағымдағы жылғы зерттеулердің оң нәтижелерін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ИГР реакторын белгіленген мерзімде конверсиялау бойынша жобаны сәтті аяқтаудың жоғары әлеуетін растады.

