Close

04.12.2019

КТМ токамагінің физикалық іске қосуының қорытынды кезеңі

2019 жылғы 20 қарашада КТМ қондырғысын физикалық іске қосудың екінші және соңғы кезеңінің талаптарын қанағаттандыратын плазмалық разряд алынды. Осы кезеңде КТМ қондырғысының және оның негізгі технологиялық жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті омдық режимде плазма алу арқылы (қосымша қыздыру құралдарын пайдаланбай) көрсетілді. Эксперименттер барысында плазмалық разряд сценарийінің бастапқы фазасын пысықтау, иондалған газ тесігін алу, сондай-ақ плазмалық баулардың даму сценарийін және плазмалық разрядтың есептік мәндеріне сәйкес келетін параметрлеріне қол жеткізуді пысықтау жүргізілді. Жұмыс газы ретінде сутегі қолданылды. КТМ токамагын физикалық іске қосудың соңғы кезеңінің негізгі мақсаттарына қол жеткізілді.

Жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының, сондай-ақ Д.В. Ефремов атындағы ЭФАҒЗИ (Ресей) әдістемелік қолдауымен «Курчатов институты» (Ресей) Ұлттық зерттеу орталығының Курчатов термоядролық энергетика және плазмалық технологиялар кешенінің мамандары қатысты.

КТМ токамагын физикалық іске қосуды жүзеге асыру маңызды оқиға және КТМ қондырғысын жұмыстың толық ауқымды жобалық параметрлеріне шығару жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін жауапты есептік кезең болып табылады.