Close

16.04.2026

Корея термоядролық энергия институты өкілдерінің сапары.

2026 жылғы 9-10 сәуір аралығында Корея термоядролық энергия институты (Korea Institute of Fusion Energy – KFE), Оңтүстік Корея өкілдерінің сапары өтті. Сапар аясында ядролық және термоядролық технологияларды дамыту саласындағы ҚР ҰЯО ғылыми-эксперименттік базасының негізгі объектілерінде болды. Термоядролық қондырғылардың материалдарын әзірлеу және зерттеу үшін Қазақстандық материалтану токамактың, плазмалық-шоқты қондырғының және материалтану кешенінің мүмкіндіктері жеке ұсынылған.

ҚР ҰЯО материалдық-техникалық базасымен танысқаннан кейін техникалық кездесу өтті, онда басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамыту, сондай-ақ кадрлар даярлау саласында бірлесіп іске асыру үшін әлеуетті ғылыми-зерттеу тақырыптары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы бағыттары айқындалды. Ықтимал жобаларды жұмыс тәртібінде одан әрі талқылау және пысықтау туралы келісті.

ҚР ҰЯО мен KFE арасында ынтымақтастық туралы келісім жасау мәселесін қарау ұсынылды. Нәтижесінде ҚР ҰЯО ынтымақтастық туралы меморандум жобасын дайындап, оны KFE-ге жібереді деп келісті.