Close

18.10.2019

Instructor Training Course 2019

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының жас мамандары Жапонияда Токай қаласында реакторлық технологиялар бойынша кадрларды дайындау бойынша халықаралық оқыту курстарының аясында оқыту өтті.

 «Instructor Training Course 2019» (ITC 2019) жыл сайынғы оқыту курстары  реакторлық технологиялар саласындағы тақырыптар және басым бағыттары бойынша оқыту мақсатында нұсқаушыларды дайындау үшін жүргізіледі. Оқытуды Жапонияның атом энергиясы бойынша агенттігінің (JAEA) мамандары, дәріскерлері жүргізді. Оқыту курстарында Азияның бірнеше мемлекеттерінің, соның ішінде Бангладеш, Малайзия, Монголия, Таиланд, Вьетнам, Филиппины, Индонезияның мамандары қатысты. Қазақстаннан термоядролық реактордың жағдайларында материалдарды материалдарды сынау зертханасының жетекші инженері Игорь Андреевич Соколов және «Байкал-1» ЗРК радиоактивтік заттармен айналысу бойынша қызметтің инженері Қумар Ардақұлы Шідербай қатысты.

Кадрларды дайындау бойынша курстардың барысында ҚР ҰЯО мамандары ядролық реакторларды жобалау кезінде оларды шешу тәсілдері және мәселелері бойынша ақпарат алды, атом станцияларының отынының нақты бет алысының ерекшеліктерін зерттеп таныды, ядролық энергетикалық реакторды пайдалану кезінде қауіпсіздік жүйесін толық қарастырды. Соколов Игорь «Термогидравлика және конструкциялық және отындық материалдардың технологиялары» тақырыбы бойынша теориялық және практикалық дайындық алды. Шідербай Қумар Ардақұлы «Ядролық реакторлар физикасы» тақырыбы бойынша дайындық өтті.

ITC 2019 курсын өту процессінде 15 экскурсиялық және техникалық турлар, және тікелей курс қатысушыларымен жүргізілетін 5 тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Курс қатысушылары Жапонияда ірі «ыстық» зертханаларының бірі Reactor Fuel Examination Facility (JAEA) жоғары энергия физикасының, адронды және нейтринді физикасы мен материалтану қажеттіліктеріне арналған зерттеу кешені – «J-PARC» протонды тездеткіш кешенінде, әлемде ең ірі АЭС бірі «Kashiwazaki-Kariwa» АЭС болды.

Тәжірибелік сабақтардан ерекше есте салғаны, ядролық реакторды іске қосуын үлгілеуге арналған жаттығу болды, курстың әр бір қатысушысы реакторды басқаратын топтың барлық позицияларында өзін көрсете білді.

ITC 2019 оқыту курстарына қатысуы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды дайындау бойынша Жапондық атом энергиясы бойынша агенттігімен (JAEA) және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының арасындағы келісім аясында 2015 жылдан ҚР ҰЯО РМК базасында жүргізілетін, FTC «Реакторлық технологиялар» кейінгі оқыту курстарында беріледі, қазақстандық мамандардың реакторлық технологиялар саласында білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.