Close

02.10.2019

ИГР реакторының жаңадан жасалған жоғары байытылған отынының (ЖБУ-отыны) бірінші топтамасын оны кейінгі сұйылту мақсатында қайта өңдеуге жүктеу және тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілді

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде АЭИ филиалында ИГР ЗРК ИГР реакторының жаңадан жасалған жоғары байытылған отынының (ЖБУ-отыны) бірінші топтамасын оны кейінгі сұйылту мақсатында қайта өңдеуге жүктеу және тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы іс-шаралар АҚШ Энергетика департаментінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік бойынша басқармасының ресей өндірісінің зерттеу реакторларының отынын (RRRFR) қайтару бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілді. Өзіне іріктеу, өлшеу, тасымалданатын материалды буып-түю, оны арнайы автокөлікке жүктеу, тасымалдау және белгіленген пункке дейін ілесіп жүру жұмыстарын енгізеді. ИГР реакторының ЖБУ-отынының бірінші топтамасын қайта өңдеуге жіберуі, ядролық материалдарға санкцияланбаған қолжетімділігін тоқтату және жаппай қырып-жою қаруын тарату тәуекелдерін төмендету бойынша Қазақстан Республикасының әлемдік жұртшылық алдында алынған міндеттерді жетістікпен орындау жолындағы алғашқы қадамын белгіледі.