Close

12.12.2019

Eagle-3 жобасы бойынша 11-ші техникалық кездесу

2019 жылдың 3-6 желтоқсанында «Атом энергиясы институты» филиалында JAEA бірлескен (Жапонияның атом энергиясы бойынша агенттігі) Eagle-3 жобасын орындау аясында кезекті 11-ші техникалық кездесу өтті. Кездесу барысында қазақстандық және жапондық мамандар 2019 жылы жүргізілген реакторлықтан тыс және реакторлық сараптамалардың нәтижелерін талқылады. Эксперименттерде натрий балқытпасын құрғату және қайта құю жағдайларында шығын бергіш құрылғысы бар реттеу өзегінің бағыттаушы құбыры бойынша реактордың астындағы жайда активтік аймақтың материалдарының балқытпасын орын ауыстырумен натрий тасымалдағышы бар реакторында ауыр апатты үлгілеу. Қазіргі қазақстандық-жапондық зерттеулер жылу тасымалдағышы бар жылдам нейтрондарда реакторларды қауіпсіз пайдалануды арттыруға бағытталған. Эксперименттер нәтижелері реттеу өзегінің бағытталған құбырында шығын бергіш құрылғының конструкциясына қатысты ұсыныстарды жазуға көмектеседі.

Кездесу қорытындылары бойынша 2020 жылға арналған кейінгі бірлескен эксперименттік жұмыстардың жоспары жасалды.