Close

04.06.2026

L-позиционердің зауыттық қабылдау сынағы

2026 жылғы 27-28 мамырда Пьяченца, Италия қаласында АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (U.S. DOE NNSA) өткізген ядролық қаруды таратпау жөніндегі миссия шеңберінде ҚР ҰЯО РМК және АҚШ ЭМ ұлттық зертханаларының қызметкерлері L-позиционердің зауыттық қабылдау сынақтары (Factory Acceptance Test) өткізілді. Бұл жабдықты Sideros Engineering фирмасы жасап шығарды және ИГР зерттеу реакторының жоғары байытылған уран отынын қайта буып-түюге, отынды сұйылту технологиясының түйінді кезеңіне және жаһандық ядролық қауіпсіздік қатерін жоюға арналған. Сынақтар сәтті өтті, жақын арада жабдық Қазақстан Республикасына жіберіледі, онда оны құрастыру, жөндеу және операторларды оқыту жүргізіледі.