Close

12.02.2021

EAGLE-3 жобасы бойынша жапондық атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) өкілдерімен 13-ші техникалық жұмыс кездесуі

2021 жылдың 27-28 қаңтарында бейнеконференция форматында EAGLE-3  жобасы бойынша жапондық атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) өкілдерімен кезекті 13-ші техникалық жұмыс кездесу өткізілді. Кездесуде қазақстандық тараптан 2020 жылдың соңында жылдам нейтрондардағы реактордың активті аймағындағы материалдардың жылу тасымалдағыш саны шектеулі аумаққа ауысқан балқымасын салқындату процессін зерттеу бойынша жүргізілген реакторлық эксперименттің (ID-6) нәтижелері көрсетілді.

Сондай-ақ шектеуші демпфермен жабдықталған реакторды басқару және қорғау жүйелерінің реттейттін сырығының бағыттаушы құбырының ұқсатқышы арқылы балқыманың орнын ауыстыру процессін зерттеу бойынша FDСO-8 реактордан тыс эксперименттің реактордан кейінгі зерттеулерінің нәтижелері талқыланды. Әрі қарай, жапондық әріптестермен натрийдің балқыма ұқсатқышымен өзара әрекеттесу процессін оқып зерттеу бойынша алдағы  IPCO-2 реактордан тыс экспериментіне қойылатын техникалық талаптар және ID-6 эксперименттік қондырғысымен реактордан кейінгі зерттеулер жоспары келісілді.

Кездесу соңында жапондық мамандар алынған нәтижелерге жоғары баға берді және пандемия жағдайында EAGLE-3 бағдарламасын орындауға жұмсаған күш-жігерлері үшін ҰЯО мамандарына зор алғыс білдірді.