Айдахо ұлттық зертханасы (INL) және АҚШ Энергетика министрлігінің (DoE) Окридж ұлттық зертханасы (ONL) өкілдерінің келуі
2026 жылғы 18-22 мамыр аралығында Ұлттық ядролық орталыққа Айдахо ұлттық зертханасы (INL) және АҚШ Энергетика министрлігінің (DoE) Окридж ұлттық зертханасы (ONL) өкілдерінің сапары барысында ағымдағы мәселелер талқыланды:
– ИГР реакторының ЖБУ-отынын араластыру және иммобилизациялау учаскесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары;
– ИГР реакторының ЖБУ-отынын қайта қаптау учаскесін жобалау;
– ангар типті материалдық құндылықтар қоймасын салу;
– жүк көтергіштігі 125 т мосы кранды жаңғырту;
– ИВГ.1М реакторының ЖБУ-отынын тотықтандыру технологиясын әзірлеу.
Кездесу қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары мен орындалу мерзімдері келісілді.