Close

27.11.2020

2020 жылдың 16-18 қарашасы аралығында өткізілген «Реакторлық технологиялар» 2020 онлайн оқу курсы туралы ақпарат

2020 жылдың 16-18 қарашасы аралығында ҚР ҰЯО РМК базасында онлайн режімде ZOOM платформасының көмегімен FTC «Реакторлық технологиялар» (Follow-up Training Course “Reactor Engineering”) оқу курсы өтті. Курс Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Жапония атом энергиясы агенттігі (JAEA) арасындағы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында қызметкерлерді дайындау жөніндегі келісім аясында ұйымдастырылды.

Аталған курс атом энергетикасын құруды жоспарлап жүрген азия елдері үшін лектор-нұсқаушыларды дайындау бағдарламаларының бір буыны болып табылады.  Бағдарлама 1996 жылы лекторлар мен нұсқаушыларды дайындау мақсатында атом энергетикасын құруды жоспарлап жүрген азия елдері үшін Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің қаржылық қолдауымен Атом саласы үшін кадрларды дайындау орталығында бектіліген болатын. Бағдарламаның негізгі міндеттері халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге, атом саласы үшін кадарларды дайындаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, кадрларды дайындаудың тізбектелген және тұрақты жүйесін құруға бағытталған.  Бағдарлама келесі бағыттардан тұрады: «Реакторлық технологиялар», «Радиациялық мониторинг», «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық».

«Реакторлық технологиялар» курсы 2015 жылдан бастап алтыншы рет өткізіліп отыр. Биылғы жылғы оқу курсына 19 адам қатысты.

2018 жылдан оқу курсына тыңдаушы ретінде қатысу үшін кадрларды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалған аймақтың ЖОО-ның өкілдері шақырылып келеді. Осыған орай биылғы оқу курсына Шәкәрім атындағы МУ-дың, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушылары қатысты.

Биылғы жылғы оқу курсының айрықшалайтын ерекшелігі курстың онлайн форматында өтуі. Жапондық тараптың үйлестірушілерімен келісе отырып, курстың кестесі қайта қаралды, нәтижесінде лекция сабақтарын қоспағанда, практикалық сабақтар мен техникалық турлар алынып тасталды. Бұл ретте курстың сапалық деңгейі сақталды. Лекторлар өздерінің лекция материалдарын ұсыну үшін жеке үй-жаймен және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Барлық қатысушылар сабаққа  «ZOOM» арқылы қосылды.

Курсты ұйымдастыру үшін курс үйлестірушілері, нұсқаушылары мен лекторлары ретінде ҚР ҰЯО РМК мамандары тартылды. Үйлестірушілер мен лекторлар арасындағы мамандардың көбі бұрында JAEA-да нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өткендер. Лекция сабақтарының бағдарламасы ҚР ҰЯО РМК мамандарының және «Реакторлар физикасы» тақырыбында лекция оқыған Жапония атом энергиясы агенттігінің докторы Хидео Харадтың лекцияларынан тұрды.  

Оқу курсының лекторы, Ядролық салада адам ресурстарын дамыту орталығының маманы доктор Хидео Харад короновирус инфекцясының таралуына байланысты шектеулі жағдайларға қарамастан, атом саласы үшін кадрларды дайындауды тұрақты дамытуды қамтамасыз етіп отырғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына алғысын білдірді. Реакторлық технологиялар бойынша оқу курстарын өткізу деңгейінің жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Курсқа қатысушылар курс лекторлары мен ұйымдастырушыларына курстың жоғары деңгейде өткізілгендігі және берген білімдері үшін ерекше алғыстарын білдірді. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың физика кафедрасының меңгерушісі доктор Г.С. Бектасова реакторлық технологиялар саласында теңдессіз білім алуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Лекторлардың материалдарды жоғары деңгейде дайындағанын және қаралатын тақырыптың жан-жақты қамтылғанын атап өтті.   

Барлық қатысушылар оқу процессінде өздерінің жеткілікті білім деңгейлері мен біліктіліктерін көрсетті, бұған кірме және қорытынды тестілеу нәтижелері дәлел және қатысушылар оқу процессінде жоғары белсенділік танытты. Курс қорытындысы бойынша барлық курс тыңдаушыларына курстан өткендігі туралы сертификаттар берілді және пошта байланысы арқылы жіберілді. 

 

 

1 ҚОСЫМША – FTC «Реакторлық технологиялар» 2020 онлайн оқу курсының үйлестірушілері, лекторлары мен қатысушылары

 

ҚР ҰЯО тарапынан:

В.А. Витюк – курсты ұйымдастырушы, В.В. Бакланов – жауапты ұйымдастырушы,

Е.Т. Коянбаев – курсты ұйымдастырушы.

  1. А.Ж. Миниязов – курстың үйлестірушісі, лектор.
  2. В.К. Цхе– курстың бірлескен ұйымдастырушысы, лектор.
  3. А.А. Туркач – курстың бірлескен ұйымдастырушысы, лектор.
  4. И.А. Соколов – курстың бірлескен ұйымдастырушысы, лектор.

Жапония (JAEA) тарапынан дайындыққа қатысқандар:

Takashi SUZUKI, Dr. Eng. Жапония атом энергиясы агенттігінің Кадрларды дайындау орталығының бас менеджері

Hideo HARADA, Dr. Eng. JAEA атынан курстың үйлестірушісі .

 

Сабақтардың тақырыптары мен авторлары :

 

ТАӘ, лауазымы

Лекциялардың тақырыбы

1

А.Ж. Миниязов, зертхана бастығы, АЭИ филиалы

Лекция: Реакторлық материалтану (Material Engineering).

2

В.К. Цхе, қызмет бастығы, АЭИ филиалы

Лекция: ҚР ҰЯО-ның ядролық реакторларының қолданылуы. (Аpplication of nuclear reactors NNC RK).

3

И.К. Дербышев, қызмет бастығы, АЭИ филиалы

Лекция: ИВГ.1М реакторының реактивтілігін өтейтін өзектер мен реттеуші барабандардың сипаттамасын анықтау (The control drums and reactivity compensation rods of the “IVG.1M”).

4

К.А. Шідербай, инженер, АЭИ филиалы

Лекция: Реакторлардың физика және кинетика негіздері.

I бөлім (Reactor physics and kinetics).

5

Н.А. Оразгалиев, инженер, АЭИ филиалы

Лекция: Реакторлардың физика және кинетика негіздері.

I бөлім (Reactor physics and kinetics).

6

А.А. Туркач, инженер,

АЭИ филиалы

Лекция: Реакторлық термогидравлика негіздері (Basics of Nuclear Thermal Hydraulics).

7

И.В. Прозорова, зертхана бастығы, АЭИ филиалы

Лекция: Нейтронды-активациялық талдау (Neutron Activation Analysis).

8

Б.С. Медетбеков, кіші ғылыми қызметкер, АЭИ филиалы

Лекция: Нейтронды-активациялық талдауды қолдану (Neutron Activation Analysis).

9

И.А. Соколов, жетекші инженер, АЭИ филиалы

Лекция: Термоядролық энергетика (Fusion energy).

Курсқа қатысушылар

 

ТАӘ

Лауазымы

Ұйым, бөлімше

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері

1

Жанболатова Ғайния Қайырдықызы

Инженер

Термоядролық реактордың жағдайында материалдарды сынау зертханасы

2

Харченко Дарья Александровна

Инженер

Ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасын дамыту бөлімі

3

Мухамедиев Асхат Кспекович

Инженер

Нейтрондық физика зертханасы

4

Светачев Станислав Николаевич

Инженер

Нейтрондық физика зертханасы

5

Сабитова Радмила Радиковна

Инженер

Нейтрондық физика зертханасы

6

Толеубеков Куанышбек Оразбекович

Инженер

Эксперименттік жылу физикасы зертханасы

7

Бекен Айша Еркимбековна

2 санатты техник

“Байкал-1” ЗРК эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметі

8

Карамбаева Индира Сергазыевна

2 санатты инженер

Арна ішіндегі сынақтар зертханасы

9

Исайнов Бауыржан Қонысұлы

Инженер

Реакторлық отынды сынау зертханасы

ЖОО-ның қызметкерлері

 

10

Бектасова Гульсым Сафуановна

Физика кафедрасының меңгерушісі

С.Аманжолов ат. ШҚМУ

11

Иманжанова Кульбарчин Тлеукановна

Аға оқытушы

С.Аманжолов ат. ШҚМУ

12

Төкежанов Азамат Берікұлы

Оқытушы

С.Аманжолов ат. ШҚМУ

13

Журерова Лейла Гылыммедденовна

Аға ғылыми қызметкер

С.Аманжолов ат. ШҚМУ

14

Жолбарысов Исахан Амантаевич

Аға оқытушы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

15

Тоимбаев Алмас Болатбекович

Аға оқытушы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

16

Хажидинова Акбота Рыспековна

Аға оқытушы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

17

Уазырханова Гулжаз Кенесханкызы

кафедра доценті

Д.Серикбаев ат.ШҚМТУ

18

Баятанова Ляйла Болаткановна

кафедра доценті

Д.Серикбаев ат.ШҚМТУ

19

Табиева Еркежан Еркінбекқызы

кафедра оқытушысы

Д.Серикбаев ат.ШҚМТУ