Close

02.12.2022

Ұлттық ядролық орталық «АТОМЭКСПО-2022» форумында

Сочи қаласында «АТОМЭКСПО-2022» ХІІ Халықаралық форумы өтті. Форум іс-шараларына Қазақстан Республиксының Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қатысты. Атом энергиясы институты директорының орынбасары Е.Т. Коянбаев «МБИР – халықаралық әріптестік үшін бірегей алаң» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында атом энергетикасы саласындағы Ұлттық ядролық орталықтың халықаралық қызметінің мәселелерін атап өтті. Презентация аясында 1994 жылдан бастап кәсіпорынның негізгі халықаралық жобалары ұсынылды. Сондай-ақ, форум аясында «Росатом» мемлекеттік корпорациясы және БРИКС халықаралық энергетикалық агенттігінің қолдауымен «таза» энергетика және технологияларды ілгерілету үшін халықаралық жастар қауымдастығын дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өтті. Қатысушылар қатарында зертхана бастығы Н.Е. Мухамедов және кіші ғылыми қызметкер Ғ.Қ. Жанболатова «Жаңа мүмкіндіктер технологиялары: инновациялар адамдардың өмірін қалай өзгертеді», «Африка – ынтымақтастық және технологиялық даму аумағы», «Жаһандық оңтүстік энергетикасы: БРИКС-тің жалпы сын-қатерлерге жауаптары» және «Жастар бизнес-бастамалары тұрақты болашақты құру үшін» тақырыптық топтарда жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 15 елдің жас сарапшылары өз елдерінің талантты жастарын өнеркәсіптік, азық-түлік, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге тарту бойынша бастама әзірледі.