Close

25.02.2022

Қуаттың тез артуы жағдайында БРЕСТ-ОД-300 реакторы твэлдерінің макеттеріне зерттеулер жүргізу бағдарламасының аясында қорытынды реакторішілік эксперимент жүргізілді

2022 жылдың 23 ақпанында ИГР реакторында қуаттың тез артуы жағдайында БРЕСТ-ОД-300 реакторы твэлдерінің макеттеріне зерттеулер жүргізу бағдарламасының аясында қорытынды реакторішілік эксперимент орындалды. ИГР реакторындағы сынақтар «ЭТҒЗКИ» АҚ (РФ) мен ҚР ҰЯО РМК арасындағы Шартқа сәйкес орындалады және 2016 жылы ҚР ҰЯО мен «ЭТҒЗКИ» АҚ басшыларының кездесуінде БРЕСТ-ОД-300 реакторының аралас нитридті уран-плутоний (АНУП) отынының жылу техникалық сенімділігін бірлесе зерттеу туралы келісімге келіп, сол кезден бастау алған көп жылғы дайындық жұмыстарының нәтижесі болып табылады.  

Реакторішілік зерттеулердің негізгі мақсаты твэлдердің жұмысқа қабілеттілігінің шекті мәнін анықтау болып табылады. Бұл деректер өтпелі және апаттық процестерде БРЕСТ реакторының активті аймағының бет алысын модельдеуге арналған есептік кодтарды верификациялау және отынды қауіпсіз пайдалану шектерін тікелей белгілеу үшін  қажет.

Сынақтарды іске асыру барысында ИГР реакторын 8 іске қосу жүргізілді және бірегей эксперименттік деректер алынды. Эксперименттердің нәтижелерін талқылау жалғасуда және БРЕСТ-ОД-300 отынына эксперименттік зерттеулер жүргізуді жалғастыру қажет сияқты, өйткені ҚР ҰЯО РМК мен «ЭТҒЗКИ» АҚ мамандары қазірдің өзінде шешімін табуды және жаңа эксперименттер жүргізуді талап ететін жаңа міндеттерді қойып отыр.