Close

18.02.2022

Сәулеленген бериллийді қайта өңдеу бойынша перспективалық бағытты талқылау

2022 жылғы 17 ақпанда сәулеленген бериллийді қайта өңдеудің перспективалық өнеркәсіптік технологиясын әзірлеу мүмкіндігін зерттеу және жұмыстардың радиациялық қауіпсіздігін бағалау саласында тәжірибе алмасу мәселесі бойынша үшжақты кездесу өтті.

Талқылау ЯТБ ҒТО өкілдері атынан атқарушы директордың орынбасары Александр Хайдарович Клепиков, «ҮМЗ» АҚ, бериллий зертханасының бастығы Сергей Вячеславович Ударцев және осы жұмыстарға тартылған ҰЯО РМК АЭИ филиалының мамандары арасында өтті:

– директордың бірінші орынбасары – Бакланов Виктор Владимирович;

– ядролық технологиялар жөніндегі бас маман – Вурим Александр Давидович;

– материалтану сынақтары бөлімінің бастығы – Бакланова Юлия Юрьевна;

– техникалық диагностика және бақылау зертханасының басығы – Чернова Лариса Владиславовна.

Кездесу барысында JMTR жапон зерттеу материалтану реакторында сәулеленген бериллий шағылыстырғышты хлорлау әдісімен радионуклидтерден тазарту бойынша ҚР ҰЯО РМК АЭИ-да орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) нәтижелері талқыланды. «ҮМЗ» АҚ ұсынған баламалы технологияларды зерттеуді іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сәулеленген бериллийді тазарту бойынша «ҮМЗ» АҚ базасында өндірістік учаскені ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін негіздеу үшін алуға қажеті технологиялық процестің параметрлері белгіленді.

Үш жақты қатынастарды дамытудағы келесі қадам сәулеленген берилийді қайта өңдеудің перспективалық өнеркәсіптік технологиясын іздестіру саласында бірлескен ҒЗЖ бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу және тиісінше уақытша, адам және материалдық ресурстарды бағалау болып табылады.