Close

15.10.2020

Сумен салқындатылатын технологиялық каналдармен (ССТК) реакторлық эксперименттер

ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау халықаралық бағдарламасын орындау аясында «жаңа» жоғары байытылған уран (ЖБУ) отыны бар сумен салқындатылатын технологиялық каналдармен реакторлық эксперименттер жүргізілді. Эксперименттер штаттық ССТК-ның сәулеленбеген және сәулеленген ЖБУ отынынан бөліну өнімдерінің (БӨ) салыстырмалы шығымы туралы ақпаратты алуға бағытталды.

Эксперименттік міндеттердің аясында активтік аймақтың құрамында екі ЖБУ-ССТК-мен ИВГ.1М реакторында үш іске қосу жүргізілді және құрамындағы бөліну өнімдерін анықтау үшін жылутасымалдағыштың сынамаларына іріктеу жасалды.  Кейінгі эксперименттік деректерді өңдеу штаттық ССТК үшін БӨ-ның орташа салыстырмалы шығымының мәні «жаңа» ССТК-ның аналогты мәнінен шамамен екі есеге артық екенін көрсетті.  Екі сәулеленген ЖБУ-ССТК Battelle Energy Alliance LLC (BEA) мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының (ҰЯО) арасында жасалған келісім шарттың аясында бөлшектеуге және пайдаланылған ядролық отын ретінде кейіннен тасып шығаруға ұшырайды.