Close

21.10.2022

Республика күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!

Республика күні – мемлекеттілікті, бостандықты, күш пен игілікті бейнелейтін маңызды мереке. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. «Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды»,- деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда. Қазақстан азаматтары егемендік күнін мемлекетіміздің басты салтанаты ретінде атап өтеді.

Біздің аспанымыз әрқашан ашық және жарқын болсын, бүкіл халық бір үлкен отбасы сияқты бірлікте болсын. Біздің республикамыздың бейбітшілік пен өркендеу, әр үйде – бірлік пен молшылық болсын!

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының басшылығы