Close

13.11.2020

Курчатов қаласының үкіметтік емес ұйымдарының онлайн форумы.

2020 жылдың 11 қарашасында Курчатов қаласының ішкі саясат басқармасы «Азамаматтық қоғам және мемлекет» атты қаланың үкіметтік емес ұйымдарының онлайн форумын өткізді. 

ҚР ҰЯО РМК атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Н. Четвергова карантин кезеңінде жүргізілген жұмыстар мен көрсетілген көмек туралы баяндама оқыды. 

Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның Кәсіподақ комитеті келесі іс-шараларды жүргізді: 

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімімен бірге санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, сондай-ақ бетперделердің, қолғаптардың, залалсыздандыру құралдары мен антисептиктердің берілу нормаларын сақтау мақсатында жұмыс орындарында іс-шаралар (аралау, қарап тексеру) жүргізілді;

– қызметкерлерге міндетті медициналық тексерудің жыл сайын жүргізілуін бақылау;

– кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетілді;

– спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды;

– Ұжымдық шарттың негізінде Қарттар күніне кәсіпорынның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне материалдық көмек көрсетілді;

– 9 Мамыр мерекесіне кәсіпорынның қамқоршылығындағы ҰОС ардагеріне материалдық көмек көрсетілді; 

– «Қуан Сәби» республикалық акциясының аясында Нұр-Сұлтан қаласының «Дар» қоғамдық қорына жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ тағдыр тауқыметіне ұшыраған балалар үшін ақшалай қаражат аударылды.