Close

04.04.2022

Кожахметов Ернаттың диссертация қорғауы

2022 жылғы 01 сәуірде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында ҚР ҰЯО РМК Бас директоры                   Э.Ғ. Батырбековтың төрағалығымен философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ернат Абилхайырович Кожахметовтың «Техникалық физика мамандығы бойынша «Термоциклдеу процесінде Ti-Al-Nb жүйесі негізінде сорбциялық-белсенді материалдың құрылымдық-фазалық күйінің өзгеруі» тақырыбындағы диссертациясы сәтті қорғалды.   

Диссертация «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ физика және технология кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Сакенова Римма Ерболаткызы – PhD, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);
  2. Кислицин Сергей Борисович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК (Алматы қ.).

Ғылыми кеңесшілер:

Скаков Мажын Канапинович – ф.-м.ғ.д., профессор, бас ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК;

Курбанбеков Шерзод Рустамбекович – PhD, «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің» физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Түркестан, Қазақстан Республикасы);

Wojciech Wieleba – техника ғылымдарының докторы, машина конструкциялары негіздері және трибология кафедрасының профессоры, Вроцлав ғылым және технологиялар университеті (Вроцлав қ., Польша).

Әріптесімізді табысты қорғаумен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!