Close

23.04.2021

Инновациялық шығармашылық жұмыстардың көрмесі

2021 жылғы 21 сәуірде ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының қызметкерлері Дүниежүзілік шығармашылық және инновациялық қызмет күніне қатысты. Ұжымда шығармашылық бастамаларды қолдау үшін ғылыми-техникалық кітапхана ғимаратында қызметкерлер мен балалардың инновациялық шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен жиналған зерттеу реакторларының макеттері, пайдалы модель мен өнертабысқа патенттер түріндегі филиалдың инновациялық қызметінің нәтижелері, сондай-ақ әртүрлі техникада орындалған балалардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Директордың бірінші орынбасары В.В. Бакланов атап өткендей – «Бұл іс-шара біздің балаларымыздың қаншалықты дарынды екендігіне тағы да көз жеткізуге мүмкіндік берді және оларда шығармашылық бастаманы қолдау және дамыту қажеттігін атап өтті”. Барлық кішкентай қатысушылар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ағымдағы жылдың ақпан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын «Иигі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы бастау алды.

Марафонға қатысуға барлық қазақстандықтар, оның ішінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, бизнес, ЖОО және мектеп өкілдері шақырылды.

Дайын композицияларды #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ, #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ хэштегтері бар әлеуметтік желілерде көруге болады.