Close

15.03.2021

ИГР ЗРК-дағы АТЭХАГ инспекциясы

Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты, 2021 жылғы 15 наурыздағы INFCIRC/504 70 бабына сәйкес кепілдіктерді қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясының халықаралық агенттігі (АТЭХАГ) арасындағы Келісім аясында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ИГР ЗРК-да қысқамерзімдік хабарламамен АТЭХАГ инспекциясы жүргізілді.

Жұмыстарды жүргізу барысында АТЭХАГ инспекторлары негізгі журналдар мен тізімдерді тексерді, ядролық материалдарға өлшеулер жүргізді және сақтау орнындарындағы есепке алу бірліктерін санады, сондай-ақ АТЭХАГ-ның пломбаларын верификациялады және ауыстырды. АТЭХАГ инспекторларының тарапынан қондырғыға қатысты ескертулер айтылған жоқ.  

АТЭХАГ жүргізген инспекция ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесінің жұмыс істейтінін, белгіленген кепілдіктердің сақталатынын растады.