Close

01.04.2022

ИВГ.1М реакторына физикалық іске қосу кезеңін іске асыру шеңберінде жүктелген бірінші ТБУ отыны

2022 жылы 31 наурызда “Байкал-1” зертеу реакторлар кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энегиясы институты төмен байытылған уран (ТБУ) отыны бар бірінші технологиялық арнаны жүктеуді табысты жүргізді.

Бұл оқиға 2010 жылы басталған үлкен жұмыс циклі болды, құрамында: конверсияны жүргізу мүмкіндігін есептік-талдамалық негіздеу, эксперименталдық ТБУ отынын сынау, штатты ТБУ отынын дайындау және жеткізу.

Эксперименттік анықтамаларды қамтитын реактордың физикалық және одан кейінгі энергетикалық іске қосу кезеңдері аяқталғаннан кейін жаңа белсенді аймақтың барлық қажетті сипаттамалары, жаңартылған ИВГ.1М реакторы пайдалануға беруге дайын болды.

Аталған жұмыстарды оындау 2022-2023 жылдарға жоспарланған.