Close

12.08.2022

Жас ғалымдар Назарбаев Университетінде өткен INESS-2022 мерейтойлық 10-шы халықаралық конференциясына қатысты

2022 жылғы 4 – 6 тамыз аралығында ҚР ҰЯО РМК қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems» INESS-2022 мерейтойлық конференциясына қатысты.

Халықаралық конференция жұмысына әр түрлі елдерден 160-қа жуық ғалым қатысты және Сингапур, Жапония, Корея, АҚШ, Ресей, Тайвань, Швейцария, Түркия және Қазақстан ғалымдарының жұмыстары ұсынылды.

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалынан А.Ж. Миниязов, И.А. Соколов, Н.М. Мухамедова,              Е.Ю. Тулубаев, К.К. Самарханов, В.С. Бочков қатысты. Конференцияда іске асырылып жатқан ғылыми жобалар шеңберінде алынған термоядролық және сутегі энергетикасы саласындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша баяндамалар ұсынылды. Жалпы конференцияға қатысушылар материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия көздері және энергияны сақтау жүйелері саласындағы перспективалар мен проблемаларды талқылады. Конференция қорытындысы бойынша өзекті зерттеулер бойынша ғалымдармен тікелей байланыс орнатылып, ғылыми-техникалық өзара әрекеттердің перспективалары талқыланды.