Close

28.09.2021

Атом саласы қызметкерлерінің күнімен!

Құрметті әріптестер!

Атом өнеркәсібінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда өз ісінің нағыз кәсіби мамандарының – біліктілігі жоғары мамандардың, ғалымдар мен инженерлердің арқасында атом энергетикасын дамыту саласында инновациялық әзірлемелер сәтті іске асырылуда. Өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізбен отандық атом саласының дамуына маңызды үлес қосып келесіздер және оны ғылыми-техникалық әзірлемелер деңгейі бойынша әлемдегі озық салалардың біріне айналдырдыңыздар.

Сіздердің білімдеріңіз бен шығармашылық энергияларыңыз атом энергетикасының маңызды міндеттерін шешу бойынша сіздердің жауапты жұмыстарыңызда жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ықпал етсін.

Шын жүректен сіздердің еңбек жолдарыңызда кедергілердің аз, қызықты адамдар мен тиімді шешімдердің көп болуын тілеймін!

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін!

 

Құрметпен,
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты»
филиалы директорының бірінші орынбасары
В.В. Бакланов