Құрметті әріптестер!
Сіздерді шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналған, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – мемелекеттік мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Атаулы мерекенің күнтізбеге қызыл белгімен енуі тегін емес, бұл халқымыз бен мемлекетіміздің тарихындағы үлкен жетістіктердің, дәуірлік жағымды бетбұрыстардың куәсі. Мұндай елеулі күн Тұғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктері халықтың оған деген сенімі мен құрметін арттырды.
Осынау атаулы күні Сіздерге бейбітшілік, мейірім, амандық, өркендеу мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Құрметпен,
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты»
филиалы директорының бірінші орынбасары
В.В. Бакланов