Close

26.05.2025

Қазақстанда зерттеу реакторларын конверсиялау және ЖБУ отынды кәдеге жарату жөніндегі жоба табысты іске асырылуда

ҚР Ұлттық ядролық орталығы The National Nuclear Security Administration (NNSA) -мен бірлесе отырып, ИВГ.1М зерттеу реакторының сәулеленген ЖБУ отынын реакторлық ғимараттың қысқа мерзімді қоймасынан «Байкал-1» ЗРК ПЯОҰКС алаңындағы шахта үлгісіндегі қоймаға (Silo) көшіру жөніндегі жобаны табысты іске асырды. Бұл шешім Қазақстан мен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ете отырып, ядролық материалды қауіпсіз және сенімді сақтауға бағытталған.

Шахталық үлгідегі жаңа қойманың ұяшықтарында отынды тасымалдау және орналастыру жұмыстары 2025 жылғы 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында табысты жүргізілді. Осы міндет шеңберінде ИВГ.1М реакторының 33 жылу бөлетін жинағы бар 11 қап «Байкал-1» ЗРК техникалық аймағының шегінде тасымалданып, Silo қоймасының 11 тік ұяшығына орналастырылды. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық ядролық орталығында ИВГ.1М реакторының пайдаланылған уран отынын (ЖБУ ПЯО) араластыру және түпкілікті кәдеге жаратудың өзіндік технологиясы әзірленуде.

Жоба туралы. ҚР Ұлттық ядролық орталығында зерттеу реакторларын конверсиялау және Қазақстанда ЖБУ отынды кәдеге жарату бойынша жоба табысты іске асырылуда. Осы жұмыстар шеңберінде АҚШ ұйымдарымен ынтымақтаса отырып, 2024 жылғы қарашада «Байкал-1» ПЯОҰКС алаңында шахта үлгісіндегі қойманы салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары табысты аяқталды. Silo қоймасы төмен байытылған уран отынымен жұмыс істеу үшін оны табысты ауыстырғаннан кейін ИВГ.1М зерттеу реакторының ПЯО ЖСБ ұзақ уақыт қауіпсіз сақтауға орналастыруға арналған.