Close

14.02.2024

Философия докторы (PhD) дәрежесі берілуімен құттықтаймыз!

Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 203 бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының термоядролық реактор жағдайында материалдарды сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жанболатова Ғайния Қайырдықызына 8D05301 – Физика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Ғайния Қайырдықызын шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми қызметіне жаңа табыс тілейміз!