Close

03.04.2025

Философия докторы (PhD) дәрежесін беру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы» РМК басшысының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 316 н/қ бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтолеуович Коянбаевқа «Физика және химия ғылымдары» 8D053 даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Ерболат Тайтолеуович 2024 жылы Томск қаласында (РФ) 1.3.8 «Конденсацияланған күй физикасы» мамандығы бойынша «Ұзақ мерзімді термиялық әсер ету нәтижесінде аустенитті болаттың радиациялық-индукциялық құрылымы мен қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Жұмыстың ғылыми жетекшісі Ситников Александр Андреевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің «Қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің өндірістік енгізу кешенінің» директоры.

Құттықтаймыз! Ғылыми қызметте жаңа табыстар тілейміз!