Close

30.07.2024

Философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз!

Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 22 шілденің № 634 бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзіреттілік орталығының директоры Миниязов Арман Жанарбекұлына 8D05302 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Арман Жанарбекұлыны шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми қызметіне жаңа табыс тілейміз!