Close

10.04.2025

Философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз

2025 жылғы 9 сәуірде Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дың диссертациялық кеңесінде ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік жылу физикасы зертханасының бастығы Бекмулдин Максат Куатбекович философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «8D05302 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша «Жеңіл сулы ядролық реактордың модельді кориумының Al2O3 – ерітінді қайнаған қорғасын қабаты бар құрбандық материалымен өзара әрекеттесуін эксперименттік модельдеу» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмыс «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшілер:

  1. Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері, Курчатов, Қазақстан;
  2. Бакланов Виктор Владимирович – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орынбасары, Курчатов, Қазақстан;
  3. Градобоев Александр Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» ЖКБФМББМ эксперименттік физика бөлімінің профессоры, Томск, Ресей.

Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесін беруімен құттықтаймыз. Сізге әрі қарайда жаңа жетістіктерді іске асыруда кәсіби табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!