Close

13.05.2022

Төмен байытылған уран отыны бар ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосу

2022 жылы 05 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы төмен байытылған уран отыны бар ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосуды сәтті өткізді.

2010 жылы Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен ИВГ.1М зерттеу реакторының отынын ТБУ-ға конверсиялау жөніндегі ауқымды жобаны бастады. Жобаның басты мақсаты – АТЭХАГ талаптарына сәйкес оның сипаттамаларын сақтау және жақсарта отырып зерттеу реакторындағы отынды байытуды 20% төмен деңгейге дейін төмендету. 

Жобаны іске асыру барысында Ұлттық ядролық орталықтың мамандары америкалық және ресейлік серіктестермен бірлесіп конверсия жүргізу мүмкіндігінің есептік-талдамалық негіздемесін орындады, эксперименттік төмен байытылған отын сынақтарын жүргізді, штаттық ТБУ отынын дайындады.

Қазіргі уақытта ТБУ отыны бар реакторды пайдалануға берудің бірінші кезеңі, атап айтқанда ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосу кезеңі іске асырылуда. Келесі кезең аяқталғаннан кейін – реакторды энергетикалық іске қосу және жаңа белсенді аймақтың барлық қажетті сипаттамаларын эксперименттік анықтау, ИВГ.1М реакторы пайдалануға беріледі.

Осылайша, 2023 жылы ИВГ.1М реакторында бейбіт атым саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары қайта басталады.

Осы жобаның барлық қатысушыларының күш-жігері осы маңызды халықаралық міндетті оң нәтижеге – ядролық қарудың таралу қаупін азайтуға сенімді түрде ілгерілетеді.

Осыдан тура 30 жыл бұрын, сол кезде әлі ЖБУ отыны болған ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосу жүргізілгені де символдық жағдай болып табылады.