Термоядролық энергетиканы дамыту саласындағы 29-шы Халықаралық конференция – IAEA FEC 2023 Ұлыбритания, Лондон қ.
Лондонда Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігі ұйымдастырған ең маңызды халықаралық конференциялардың бірі – Термоядролық энергетиканы дамыту саласындағы 29-шы халықаралық конференция – IAEA FEC 2023 өтті. Әр түрлі елдерден 1000-ға жуық қатысушы зерттеу нәтижелерін ұсынды және осы бағыттағы озық жетістіктерін көрсетті.
Баяндамалар компьютерлік модельдеу мен инженерлік шешімдерден бастап токамактардың физикалық іске қосу нәтижелерін көрсетуге дейінгі ғалымдардың кең ауқымды қызметін қамтыды. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының мамандары осы ауқымды іс-шарада еліміздің осы саладағы ғылыми зерттеулерінің маңызды нәтижелерін көрсетті. 16-21 қазан аралығындағы конференция барысында Бауржан Жамбулович Чектыбаевтың КТМ токамактағы жұмысы туралы, Игорь Андреевичь Соколовтың ТЯР құрылымдық материалдарын сынау туралы және Тимур Рымбекович Туленбергеновтің плазма диагностикасы жүйесін дамыту саласындағы жұмыстары туралы баяндамалары ұсынылды.