«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының жұмыскерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Ынтымағы жарасқан ұжым құрғақ бұтақтарды кесіп, аумақты құрылыс және тұрмыстық қоқыстардан тазартты. Экологиялық акция олардың қайда және қалай өмір сүретініне бей-жай қарамайтындардың барлығын біріктірді.
Біз үшін туған қаламыздың таза және жайлы болуы маңызды!