Close

04.06.2025

Сутегі технологиялары бойынша 9-халықаралық конгресс

2025 жылғы 25 мамырдан 28 мамыр аралығында Измир қаласында (Түркия) Докуз Эйлюль университеті Сутегі технологиялары ассоцивциясымен бірге ұйымдастырған сутегі технолоиялары бойынша 9-халықаралық конгресс (9th International Hydrogen Technologies Congress IHTEC-2025) өтті. Конгресс ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ҚР ҰЯО «Атом энергиясы институты» филиалының Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының қызметкерлері Н.М. Мухамедова, А.А. Агатанова және Ж.Н. Оспанова қатысты.

Конгресс IHTEC-2025 сутегі энергетикасы саласында біліммен және алдыңғы қатарлы әзірлемелермен алмасу үшін маңызды халықаралық алаң болды. Сутегіні өндіру, сақтау, тасымалдау және қауіпсіздік, сондай-ақ болашақтың энергетикалық жүйелерге сутегі технологияларын интеграциялау мәселеріне негізінен назар аударылды. Іс-шаралар шегінде пленарлық отырыстар, секциялық баяндамалар дәне пікір таластар өтті, оған жетекші ғалымдар, инженерлер және түрлі елдердің өндіріс өкілдері қатысты.

ҚР ҰЯО қызметкерлері сутегі энергетикасын дамыту саласындағы кәсіпорынның ғылыми-техникалық жобаларын жүзеге асыру шеңберінде орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. IHTEC-2025 қатысу ҚР ҰЯО АЭИ мамандарына отандық ғылыми әзірлеулердің жоғары деңгейін көрсету ғана емес, сонымен қатар жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, шетелдік әріптестермен тәжірибелермен алмасуға және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын белгілеуге мүмкіндік берді.