«Реакторлық технологиялар» 2022
Ұлттық ядролық орталықта Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агентігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі келісім шеңберінде ұйымдастырылған «Ресакторлық технологиялар» бағыты бойынша жыл сайынғы оқыту курстары өтті.
Бұл курс атом энергетикасын құруды жоспарлап отырған Азия елдері үшін дәріскер-нұсқаушыларды даярлаудың жапондық бағдарламасының буындарының бірі болып табылады. Бағдарламаны 1996 жылы Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің қаржылық қолдауымен атом саласына кадрлар даярлау орталығы құрды. Бағдарламаның мақсаты халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету, атом саласы үшін кадрлар даярлаудың тиімділігі мен нәтижелілігін артыру және кадрлар даярлаудың дәйекті және тұрақты жүесін құру болып табылады. Осы бағдарлама бойынша оқыту курстары Жапонияның Токай қаласындағы атом энергиясы агентігінің базасында өтеді және «Реакторлық технологиялар», «Радиациялық мониторинг», «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» тақырыптарын қамтиды, оларға ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары жыл сайын біліктілігін арттыру мақсатында қатысады.
«Реакторлық технологиялар» бағыты бойынша жалғаастырушы оқыту курстары 2015 жылдан бастап Жапонияның атом энергиясы агентігінің көмегімен ҚР Ұлттық ядролық орталығы базасында «Атом энергиясы институты» филиалында өтеді.
Биылғы жылы оқытуға Ұлттық ядролық орталықтың оңға жуық қызметкерлері қатысты. Атом энергиясы институтының мамандары курстың үйлестірушілері, нұсқаушылары және оқытушылары ретінде әрекет етті, олардың көпшілігі бұрын Жапонияның атом энергиясы агентігінде нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен. Курстың бағдарламасында Ұлттық ядролық орталық мамандары мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің қонақ дәріскері доктор Хидео Харада дәрістер оқыды. Курс аясында материалтану негіздері бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Харада мырза атап өткендей, барлық қатысушылар оқу процесінде білім мен біліктіліктің жеткілікті деңгейін көрсетті, бұл кіріс және қорытынды тестілеудің нәтижелерінде расталды. Дәстүр бойынша, соңғы күні барлық қатысушыларға «Реакторлық технологиялар» курсынан сәтті өткенін растайтын сертификаттар табысталды.