Диссертация қорғаумен құттықтаймыз
27 қарашада «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық реакторы жағдайында материалдарды сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жанболатова Ғайния Қайырдықызы PhD докторлық диссертациясын қорғады.
Қорғау Өскемен қаласында «Физика» мамандығы бойынша «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің отырысында өтті.
Ғайния Қайырдықызын «Плазмалық-сәулелік разрядтағы карбидизация нәтижесінде вольфрамның құрылымдық-фазалық жай-күйі» тақырыбында диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтаймыз. Болашақ ғылыми-зерттеу қызметінде табыс, жаңа жаңалықтар мен жетістіктер, сондай-ақ кәсіби өсуді тілейміз!!!