Close

04.06.2019

ЖЕКЕ ДОЗИМЕТРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Атом энергиясы институты иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін барлық ұйымдарға жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу бойынша өз қызметтерін ұсынады.

Жеке дозиметриялық бақылау радиациялық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады және иондаушы сәулелердің әсер ету саласында тікелей жұмыс істейтін персонал үшін жүргізіледі. ЖДБ өткізудің негізгі мақсаты белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыскерлердің сәулелену дозалары туралы ақпарат алу болып табылады.

Жеке дозиметрияда қолданылатын әдістер

Жеке дозиметриялық бақылауға арналған детекторлардың ешқайсысы қажетті қасиеттердің тамаша жиынтығына ие емес. TЛД әдісінің барлық параметрлері бойынша артықшылықтары (термолюминесцентті дозиметрия). Жеке дозиметриялық бақылаудың негізгі міндеті белгіленген нормалардан жоғары сәулеленудің алдын алу мақсатында сыртқы сәулелену дозасын анықтау болып табылатындықтан, алынған деректерді бағалауға ерекше назар аударылуы тиіс.

Бұл әдіс қатты кристалдардың (фосфорлардың) иондаушы сәулелену көзінің сіңірілген энергиясын сақтау және ұзақ уақыт сақтау қабілетіне негізделген. Көрсетілімдерді алу тоқсанына бір рет жүргізіледі.

Радиациялық қауіпсіздік қызметінің өз иелігінде жүргізілетін жұмыстардың сипатына және оларға кіретін сәулелену көздеріне қарай персоналдың сыртқы сәулеленуіне радиациялық өлшеулер жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдық бар:

– персоналдың жұмыс орындарында иондаушы сәулелену дозаларының қуатын өлшеу;

– үй-жайларда және іргелес аумақта иондаушы сәулелену қуатын өлшеу;

– жұмыс беттері мен жабдықтардың радиоактивті ластану деңгейін өлшеу;

– жұмысшылардың киімдері мен терісінің ластану деңгейін өлшеу.

Атом энергиясы институтының бөгде ұйымдарда ЖДБ жүргізу жөніндегі қызметі ҚР ЭМ АЭҚБК лицензияланған (12.03.2020 ж. 20004749 ҚР ЭМ АЭҚБК «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету» лицензиясы).

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері(лері):

– Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау, радон мен басқа да радиоактивті газдардың концентрациясын өлшеу;

– Радонның және басқа да радиоактивті газдардың концентрациясын өлшеу;

– Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау;

– Персоналды жеке дозиметриялық бақылау;

– Аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау.

Байланыстар:

071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 10, тел.: (722-51) 3-35-49, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail: iae@nnc.kz;

Радиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы – Каратаев Сеил Серхилович, тел: (722-51) 3-35-49, іш. 42-83, ұялы тел: +77055092003, е-mail: karataev@nnc.kz.