Close

26.05.2021

БТС бойынша АТЭХАГ конференциясына қатысу.

2021 жылғы 10-15 мамыр аралығында ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының қызметкерлері басқарылатын термоядролық синтез саласындағы зерттеулер бойынша «Fusion energy conference» ірі халықаралық конференциясына қатысты (https://www.iaea.org/events/fec-2020). Конференцияға И.Л. Тажибаева, Б.Ж. Чектыбаев, А.Д. Садыков, А.Ж. Миниязов, И.А. Соколов қатысты. Барлығы алты баяндама ұсынылды: КТМ токамагындағы зерттеулер нәтижелері, плазманы диагностикалау әдістерін әзірлеу, бірінші қабырға материалдарын зерттеу, сәулеленген бериллийді қайта өңдеу қондырғысын әзірлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ ҚР БТС саласындағы зерттеулер бойынша шолу баяндамасы жасалды.

Конференцияға барлығы 1000-нан астам адам қатысты. Конференция қашықтан виртуалды платформада өтті. Конференцияға ірі ғылыми-зерттеу орталықтары мен жеке компаниялардың ғалымдары қатысып, БТС саласындағы соңғы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша баяндамалар жасады. АЭИ қызметкерлері ұсынған баяндамаларға үлкен қызығушылық танытып, жоғары баға алды.

Конференция шеңберінде БИС озық қондырғылары бойынша виртуалды турлар, оның ішінде қазіргі уақытта салынып жатқан халықаралық ИТЭР термоядролық эксперименттік реакторының алаңы бойынша техникалық тур өткізілді.

Конференцияның презентациялық материалымен (презентациялар мен аннотациялар) мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://conferences.iaea.org/event/214/contributions/

Конференция баяндамаларының препринттары АТЭХАГ-нің ресми сайтында 2021 жылғы шілдеде қолжетімді болады.