Close

09.06.2022

«Балалық шақтың жарқын түстері» балалар сурет байқауы

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай Ұлттық ядролық орталығының кәсіподақ ұйымының мүшелері кәсіпорын қызметкерлерінің балалары арасында «Балалық шақтық жарқын түстері» сурет конкурсын өткізді. Биыл байқауға                       2 жастан 17 жасқа дейінгі 150-ге жуық бала қатысты. Барлық шығармашылық жұмыстар өзіндік ерекшелігімен ерекшеленді және байқау тақырыбына сәйкес келді. Салтанатты жағдайда барлық балалар грамоталар мен тәтті сыйлықтарға ие болды. Ұлттық ядролық орталық басшылығының атынан В.В. Бакланов барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтып, жас суретшілерге шығармашылық жетістіктер тіледі.