Close

08.04.2025

АҚШ Ұлттық зертханалары мен «Siebtechnik» компаниясы өкілдерінің сапары

1-5 сәуір аралығында ҚР ҰЯО РМК-ға Айдахо штатының Ұлттық зертханасының (INL) халықаралық жоба жетекшісі Кеннет Дж.Бейтман, Оак-Ридж ұлттық зертханасының (ORNL) бас маманы Майкл Кристиан Гейнс және неміс компаниясының маманы «Siebtechnik» Хан Марсель сапармен келді.

Сапар аясында ұлттық ядролық орталықтың мамандары АҚШ ұлттық зертханаларының және «Siebtechnik» компаниясының өкілдерімен бірге ұсақтау жабдықтарын іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысып, ИВГ.1М ректорының пайдаланылған отынын шахта үлгісіндегі қоймаға шығаруға дайындық барысымен танысты.

АҚШ Ұлттық зертханалары мен «Siebtechnik» компаниясы өкілдерінің сапары ядролық қауіпсіздік пен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты көрсетеді, бұл біздің елдеріміз арасындағы құзыреттілік пен үйлестірудің жоғары деңгейін көрсетеді.