Wholesale MLB Jerseys Эксперименттер жалғасуда
 
 
23.09.2018
Бас беті Жаңалықтар Эксперименттер жалғасуда
  • Строительство Токамака
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Установка Eagle
  • Установка КТМ
  • Установка КТМ
  • Работы на Токамаке
  • Строительство Токамака
  • Оборудование
  • Боксы
  • Разгрузка оборудования
  • Электрогенераторы
  • Строительство КТМ
  • Площадка
  • КТМ
  • Электрогенератор
  • Строительство КТМ
  • Пультовая управления реактором
  • Реактор ИВГ.1М
  • Пультовая реактора ИВГ.1М
  • Кран
  • Площадка
  • Кран
  • Установка
  • Сборка изделия
Басты мәзірім
Центр транспортного контроля
Web-ресурстар
Баннер
Статистика
Қәзір 88 қонақ онлайн
Эксперименттер жалғасуда PDF Басып шығару E-mail
15.02.2016 16:35

Жаңа жылдың басы ҚР Ұлттық ядролық орталығы үшін Toshiba, Marubeni Utility Services, Nippon Nuclear Fuel Development CO., LTD компанияларының жапондық әріптестерінің сапарымен айтулы болды. ҚР ҰЯО-мен бірлескен Fukushima Debris жобасын іске асыру аясында жапондық ұйымдардың бір топ қызметкерлері келді.

Бірқатар техникалық кездесулерден соң 2015 жылғы 28 желтоқсанда Fukushima Debris жобасы аясында «Лава-Б» эксперименттік құрылғысында FDP-3 эксперименті жүргізілді. Бұл эксперимент барысында қондырғының электрмен балқыту пешінде өзінің құрамы бойынша авария нәтижесінде пайда болған Fukushima-1 АЭС-і реакторының активті аймағы материалдарының балқымасын модельдейтін материалдар алынды. Алынған балқыма сумен толтырылған темір тұтқышқа құйылды. Эксперимент нәтижесінде пайда болған осы балқыманың қатты бөлшектері олардың физика-механикалық қасиеттері мен микроқұрылымдарын анықтау мақсатында зерттелетін болады.

Қаңтардың 10-15 аралығындағы жұмыс кезінде жапон делегациясымен бірге әлемдегі ірі телекомпаниялардың бірі болып табылатын Жапонияның NHK қоғамдық телерадиокомпаниясының журналистер тобы да түсіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген бейнетүсірілім нәтижесінде Fukushima Debris жобасы бойынша жапониялық компаниялар мен ҚР ҰЯО арасындағы ынтымақтастық туралы фильм дайындалатын болады.

 
Сауал
Қалай Сендер біздің сайтымыздың жаңа дизайнын бағалайсыңдар?